«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдады

180

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдады.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Е.Байқонысов ашып, жүргізіп отырды.
Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінде жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен «Nur Otan» партиясы «Көркем» БП төрайымы Г.Шунгараева М.Әуезов атындағы ОҚУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Мәжінбеков бірге таныстырып, баяндама жасадық.
Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында биліктің жалғасып жатқан транзиті процесіндегі кезекті маңызды қадам. Елбасы атап өткендей, «Nur Otan» партиясы қоғамды Президенттің мемлекеттік бағыты төңірегінде шоғырландыруы тиіс. Әрине, бұл жерде жас ұрпақ үлкен рөл атқарады. Біздің алдымызда мемлекеттілігімізді сақтау және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жөніндегі маңызды міндет тұр.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.