Úı ANONS Қазақстанда негізсіз баю туралы заң күшіне енеді

Қазақстанда негізсіз баю туралы заң күшіне енеді

Елімізде негізсіз баю туралы заң күшіне енеді. Шығын табыстан асып түскен жағдайда қазақстандықтар ақшаның қайдан келгенін түсіндіруі керек.

Құжатқа сәйкес 5 жылдан кейін әр азамат қолдағы қаржысы туралы есеп береді. Ал шет елдер азаматтарымыздың ақшасы жөнінде ақпаратты ұсынады. Бұл жағдай қаржыны сыртқа жасырудың жолын кеседі. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.