Қосылған құн салығына қатысты мамандардың ескертуі

98

Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген.

Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі. Яғни, салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептеледі дейді жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасындағылар.

Ерболат Әлімқұлов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Қосылған құн салығына қызметіңіздің жалпы мөлшері 30 мың АЕК асып кететін болса, сіз міндетті түрде 10 күн ішінде тіркелуге тиіссіз. Егер ол аралықта  тіркеліп үлгермейтін болсаңыз, өкінішке орай, 15 пайыз айыппұл төлеуге міндетті боласыз. Бұл Салық Көдексінің баптарында көрсетілген. Осыған  байланысты  ұқыпты болуға шақырамыз».

Шынар Оразова