Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру -өзекті

178

Парламент Мәжілісінде Салықтық және кедендік әкімшелендіруді цифрландыру барысы талқыланды. Жиынға сала министрлерінен бөлек, қаржыгерлер ассоциациясы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Салық төлеудегі мәселелер, кедендік рәсімдеудегі күрделіктер бойынша сайлаушылардың аманатын халық қалаулылары жауаптыларға жеткізді.

Төраға «Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбы алда да қаралғаны және мемлекеттік сектордағы цифрландыру мәселесі қазан айында Үкіметтік сағатта жан жақты қаралғанын еске салды.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мәселесінің өзектілігі атап өткен Олег Павлович мәселені талқылау бойынша алғашқы сөзді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа  берді.

«Қаржы жинақтау және оны басқару бағытында қызметтің 50 түрінің 46 электрондық форматқа көшкен. 17,4 млн қызмет көрсетілген», деп атқарылған жұмыстарды  тізбектеді қаржы министрі.

Салық түсімін көбейту, көлеңкелі экономика жолын кесуде озық технологияларды пайдалану, яғни цифрландыру бағытында әлі де жұмысты қарқынды жүргізу қажет деп есептейді депутаттар.

«Е салық бойынша 10 мың өтініш түскен. Ақаулар әлі де бар.Осы бағытта  қандай жұмыстар атқарылуда»,-  дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Министр қателіктер барын мойындап,  оларды  алдағы уақытта болдырмау бойынша жұмыс жүргізудеміз деп ақталды.

Сонымен қатар, депутаттар кедендік әкімшілендіруді цифрландыру дайындықсыз тез жүзеге асырылып жатқан жоқ па деген пікірлерін жеткізді.

Гүлнар Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Кәсіпкерлер тауарға ілеспе құжатты рәсімдеуде қиындықтарға тап болып жатыр. Жобаны  жүзеге асыру 2022 жылдың  1 сәуіріне  шегеріліпті. Қарап тұрсақ, тым аз уақыт қалды, кәсіпкерлер үлгереді ме?».

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі бұл мәселемен қаржы минситрлігімен қоян қолтық жұмыс істеп жатқандарын баяндады. Саяси партия өкілдері де салық және кедендік әкімшелендіруді цифрландыру кәсіпкерлердің таза ашық жұмыс істеуін ықпал ететінін атап өтті.

Шынар Оразова