Шымкент: Жоқ жер телімін 5 000 000 теңгеге сатпақ болған

116

Шымкенттік полицейлер жер телімін алдап сатпақ болған азаматшаны қолға түсірді.

Қаратау ауданының тұрғынынан, Полиция басқармасына, бейтаныс азаматшаның жер телімін сатамын деп, 5 000 000 тг-сін алып, қашып жүргені жөнінде арыз түскен.

Сатылуы тиіс болған жер, қаламызға қарасты « Ынтымақ » шағынауданында орналасқан көрінеді . Ауызша келісім – шарт арқылы құжаттарын алдағы уақытта рәсімдеп беретінін айтқан азаматша, ақшаны алғаннан соң хат хабарсыз кеткен.

Жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып , басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты, ҚР ҚК – нің 190 – бабы 1 – бөлігіне сәкес қылмыстық іс қозғалып , тергеу амалдары жүргізілуде .
                                                                              Аида Қарсыбайқызы