Шымкентте 15 адамның кви жұқтырғаны анықталды

80

Елімізде өткен тәулікте 724 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 15-і Шымкентте, тоғызы Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 231-ге жетіп отыр. Оның 19-ы шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 33 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

3 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 24 884 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 5 199 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  19 685-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 373 адамның жағдайы ауыр, ал 93 пациенттің халі өте ауыр. 55 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 759 935 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 141 461 адам салдырды. Ал Шымкентте 581 012 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 543 025-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 030 129, II компонентін 982 177 адам салдырған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана тұр

Мөлдір Ибадуллаева