Шымкентте ерекше тағдырлы әйел ұлды болды

330

Шымкентте ерекше тағдырлы әйел ұл баланы дүниге әкелді. 29 жастағы бірінші топ мүгедегі Зарета Құрманғожинованы бүгін қоғам белсенділері перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды.

Мүмкіндігінің шектеуіне қарамастан бала босанған батыр ананы қоғам жанашылары гүл шоқтарымен қарсы алДЫ. Барлығы да 29 жастағы Заретананың қайсарлығына тәнті болып,барынша оған қолдау білдіруде. Тумасынан ерекше жаратылған Заретаның өзі толықтай бала бағуға дайын екенін айтады.

«Дәрігерлерге рахмет. Енді балама жақсы тәрбие беру үшін барымды саламын. Алда жоспарым көп. Бұйыртса тек жақсы жетістіктерге жетемін деп ойлаймын. Ұлымның есімін мұсылманша Даниал деп қойдым»,- дейді Зарета.

Зарета бірінші топ мүгедегі. Ол тумасынан ауыр дертке шалдығып, екі қолындағы саусақтарынан айырылып, сал ауруына шалдыққан. Бірақ Заретананың өмірге деген құлшынысы ерекше. Сондықтан,болар талай шығармашылық байқауларға қатысып, үлкен жетістіктерге жеткен.

Салих Қалиев , Заретаның досы:

«Зарета жастайынан қоғамдық өмірге белсене араласып, үнемі көңілді жүргуге тырысады. Зарета ешкімге шағымданбаған. Тек үнемі өзін алға жетеліп, өмірдің қиындығына қарсы тұрып келеді».

лма Архабаева  ,  іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы: «Бұл көптеген қыз келіншектер үшін нағыз үлгі. Бір заретаны қолдауға әрлдайым дайынбыз»

Заретаның алда қойған жоспары көп. Ең бастысы жас ана ұлына барынша қамқорлық танытып, ел мақтанатындай азамат болып өсіруге барын салмақ.

                                                                                          Лаура Нахыпқызы