Шымкентте көлік ұрлаған азамат ұсталды

77

Күні кеше Еңбекші ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, үйінің ауласында тұрған «BMW» маркалы өртеніп кеткен автокөлігін белгісіз тұлғалар жасырын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Яғни, ұрлық жасаған азамат үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, көлікті қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 500.000 теңгені құраған.

Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алды. Тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары азаматты қала көшелерінің бірінен қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жанерке Хумар