Спорт алаңшасы ашылды

44

 

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасының орындалуы мақсатында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, халықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау үшін биыл Әл-Фараби ауданында тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру әрі бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда Қарасу 22, Бейбітшілік 2А және Түркістан көшесі 2/4 үйдің аулалары абаттандырылып, тұрғындардың пайдалануына берілді.
Ленталары қиылған аулаларда спорт және балалар алаңдары, ересектер мен жастарға арналған воркаут-аймағы, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылды.

Жалпы ағымдағы жылы ауданда 31 спорт алаңшасы және 27 аула абаттандырылып, кезең-кезеңімен халық игілігіне берілуде.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!