Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

77

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫМ

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясына ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті. Бірлескен комиссия мәжілісінде Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы төрағалық етіп, күн тәртібіне ұсынылған екі мәселені талқылады.

Олар:

1. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Шымкент қаласы мәслихаты хатшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері мен аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты. Бірлескен мәжілісте Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы – Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы баяндама жасап, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы – Архабаев Нұрлан Төлепбергенұлы қосымша баяндама жасады.

Күн тәртібіне қойылған мәселердің шешім жобалары 2021 жылдың 29 қазан күні өтетін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс оныншы сессияның қарауына ұсынылады.

“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.