Түркиямен бірлескен біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды

140

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы «Былғары өнеркәсібі» курсы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті заман талабына сай білікті мамандарды дайындау мақсатында әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде 2021 жылы желтоқсан айының 6-ы мен 28-і мерзімі аралығында Халықаралық байланыстар орталығы мен Қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Туркия Республикасы (Измир қаласы) «Эге» университетінің профессоры Элиф Эсер Еке Байрамоглының «Былғары өнеркәсібі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың тыңдаушылары «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы.

Курс аясында тыңдаушылар тері шикізатының құрамы мен құрылымы, заманауи тері өңдеу технологиялары және тері шикізаты негізіндегі бұйымдарды дайындау технологияларымен танысатын болады.