Түркістандық дәрігерлер АҚШ-та білімін жетілдіріп жатыр

131

Түркістан облысының медицина мамандары АҚШ мемлекетінің Харвест қаласында біліктіліктерін арттырып жатыр.

Дәрігерлер жедел медицина нұсқаушыларын даярлау тақырыбында білім алып, облыста ересектер мен балаларға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік шыңдауда.

Америка Құрама Штаттарына кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Жетісай аудандарының 11 медициналық қызметкерінен жасақталған.

Оқуда жиналған тәжірибе облыс медицинасының сапасын арттыруға мүмкіншілік береді екен.

                                                                                      Мөлдір Ибадуллаева