Ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткеру – ұлы міндет

64

Біз қаламыздағы мерейлі отбасылардың тыныс-тіршілігімен таныстыруды жалғастырамыз. Бұл жолы біздің шығармашылық ұжым Абай ауданынан шыққан Үсеновтер әулетінде қонақ болды.

Үсеновтер Абай ауданындағы мерейлі отбасылардың бірі. Кәсіпкерлер жанұясының береке бірлігі мен тәлім тәрбиесі өзгеге үлгі. Отан отбасынан басталады деген отағасы әрбір шаңырақта әулет құндылығы ұлықталса бақыт сонда тұрайтайды дейді.

5 құрсақ көтерген Гүлжан Үсенова қазақ халқының әдет-ғұрып және салт-дәстүрін ерекше ұстанады. Ол балаларына сөзбен емес іс-әрекетпен тәрие бергенді қалайды.

Гүлжан ханым самауырында шай қайнатып, тандырда нан жабады. Осы арқылы наннан жасалатын ұлттық тағамдарымызды насихаттаймын дейді ол.

 

Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген ерлі-зайыпты бүгінде немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Олар балаларының бойына бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін кішкентайынан сіңірген.

 

Мерейлі отбасының басты ұстанымы ұлттық құндылықтарды ұстану, насихаттау. Отағасы әдет-ғұрып және салт-дәстүріміздің басты мақсаты – ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру екенін әрбір отбасы ескерсе дейді.

     Жанерке Хумар