Бақыт Сұлтанов – ЕЭК кеңесінде Қазақстанның өкілі болып сайланды

77

Министр Сұлтанов 11-ші  қаңтардан бастап вице-премьер міндетін қоса атқарады. Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінде Қазақстанның өкілі болады. Бұл туралы комиссия сайтында хабарланды.

«Сауда және интеграция министрі, вице-премьер Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінде Қазақстанның өкілі болады. Еуразиялық экономикалық комиссияға тиісті бұйрық келіп түсті», – делінген хабарламада.

Бақыт Сұлтанов 2016 жылғы маусымнан бастап сауда және интеграция министрі, ал 11 қаңтардан бастап вице-премьер міндетін қоса атқарады.