Депутат: «Тауарларды міндетті таңбалау операторын алып тастау керек»

35

«РОП сияқты тағы бір қолдан жасалған монополия – тауарларды міндетті таңбалау операторын алып тастау керек».

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева осылай деп, Вице-Премьер Бақыт Сұлтановқа депутаттық сауал жолдады. Мәжілісменнің айтуынша, үкімет «таңбалауды» енгізуді жалғастыруда. Осы ретте салық жекеменшік компанияға кетіп жатыр.

Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып 49 пайызы жекеменшік құрылымдарға тиесілі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы айқындалған.

Бұл жерде Мемлекет басшысы төлемдерге қатысты мәселесінің басын ашып, олардың жеке тұлғаларға емес, мемлекетке түсуін қамтамасыз етуді тапсырған кәдеге жарату алымымен және РОП-пен еріксіз салыстыруға тура келеді.

Шынар Оразова