Úı Jańalyqtar «Nur Otan» партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді

«Nur Otan» партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді

«Nur Otan» партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жариялады.

Съезде үш мәселе қаралмақ. Біріншісі — партия төрағасын сайлау, екіншісі — жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және үшіншісі — саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу.

Еске сала кетейік, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен саяси ұйымның 21-съезі өтеді.

Шынар Оразова