Президент: «Жағармай мәселесіне қатысты кешенді ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамын»

83

«Азаматтар мен кәсіпкерлер жанар-жағармайды өндіру және бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жарты жылдан бері жанар-жағармай бағасын қолдан реттеуге мәжбүрміз»-деді мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында  осы мәселеге ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы осы орайда бірнеше құзырлы органға мәселені реттеуді тапсырып, реформалау қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Бас прокуратура бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен және энергетика министрлігі бірлесіп, жағдайды реттеуі тиіс. Кешенді ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Бір жолға қойылмаса жанар-жағармай бағасын реттеу жүейесі сақталады».

Шынар Оразова