Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар транзиті пандемия кезінен бері тоқтатылмады. Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалдының мәлімдеуінше: «Қазір де солай. Нық сеніммен айтуға болады. Тек тексеру шараларына байланысты шекарада сәл кідіріс туындауы мүмкін. Бірақ кептеліс жылдам жойылып жатыр. Тауар айналымына байланысты жағдай тұрақты. Жалпы Өзбекстанның сыртқы сауда айналымында Қазақстан үздік үштікке енеді. Біздің мемлекеттен мұнда негізінен шикізат өнімдері тасымалданады. Таяуда ет өнімдерінің экспорты да ұлғайғаны белгілі».
Осы ретте қазақстандық дипломат жағдайдың қалыпты әрі бақылауда екенін жеткізді. Демек арадағы сауда-саттық бір сәтке де тоқтамауға тиіс. Ол үшін қолданыстағы бақылау-өткізу бекеттері қалыпты жұмысын жалғастыра береді.
Шынар Оразова