«Қазпошта» басшылығы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл бекітілген тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады.
Бұдан былай,
салмағы 0,5 кг-ға дейінгі сәлемдемені Қазақстан бойынша жер үсті көлігімен жіберу құны – 900 теңгенің орнына 857 теңге,
салмағы 1 кг-ға дейін – 1000 теңгенің орнына 900 теңге,
2 кг-ға дейін – 1200 теңгенің орнына 1130 теңге болды.
Төмендетілген тарифтер 2022 жылғы 1-жартыжылдық ішінде қолданылады.