Шымкент қаласының көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларында 3500-ға жуық бейнекамералар орнатылған. Оның 1500-і қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін болса, қалғаны жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейтін камералар.
Барлық бейнебақылау камералары Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы, ҚР ІІМ-нің аумақтық орталығы және қала әкімдігінің дағдарыс орталығына қосылған.
2021 жылы бейнекамералардың көмегімен 306 қылмыс ашылып, 74155 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының 29 жанданған көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Әр көше қиылысында күн сайын таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта, яғни жолдарда көлік ағымы көп болған кезде, Патрульдік полиция полкінің екі қызметкері кезекшілік етеді. Осылайша полицейлер көлік кептелістерінің уақтылы алдын алуда, сонымен қатар қала жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны 3 есе азайды.