Шымкентте «Халық сақшылары» жасағы іске кірісті

248

«Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалуда аянбаймыз»,- деген Шымкенттің белсенділері барша халықты бірлікке шақырады.

Елімізде енгізілген комендандттық сағатқа дейінгі кешкі уақытта шымкенттіктердің тыныштығын тиісті сала мамандарымен бірге «Халық сақшылары» жасағы қамтамасыз етеді.

Қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер, спортшылар, белсенділерден жасақталған топтар қоғамдық, сауда орындары, көше мен көпқабатты үйлердің аулаларында кезекшілікке кіріскен. «Халық сақшылары» жасағын құруға елімізде орын алған оқыс оқиғалар себеп болған.

Халық жасағы шаһар аумағында тәртіпсіздік пен заңсыздықтарға жол бермес үшін күш құрылымдарына қолғабыс етеді. Мемлекеттік маңызды нысандар мен қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты кәсіпорындарды күзетеді. Осылайша ұлтжанды азаматтар елдегі тыныштықты сақтап, қаланы қорғауға атсалысуды көздеп отыр.

Белсенділер елді лаңкестерден қорғау үшін тұрғындарды бірлікке үндеп, күш біріктіруге шақырды. Олар қаланың қауіпсіздігін сақтап, бұзақылардың қылмыс жасап, елді тонауына жол бермейміз деп бекініп отыр.

Шынар Оразова