Түркістан облысында биыл 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

141

Түркістан облысында  биыл 102 мың адам  жұмыспен қамтылады. Бұл мақсатта  салаға 30 миллиардқа жуық теңге бағытталмақ.

Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Әсия Темірбаеваның мәлімдеуінше, өңірде 92 мың азамат тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. Жастар практикасының мерзімі ұзартылып, қаражат көлемі де артты.

Былтыр осы жобамен жұмысқа орналасқандар 6 ай жұмыс істеп, 73 мың теңге жалақы алды. Енді биыл – 91 890 теңге алады, жұмыс істейтін уақыты 18 айға ұзартылды. Осылайша аймақта жастар практикасына 6000, алғашқы жұмыс орыны жобасына 400 орын бөлінді.

Шынар Оразова