Жапа шеккен кәсіпкерлердің шығыны өтеледі

232

Бүлік кезінде қиратылған нысандар қалпына келтіріліп, шығын өтеледі. Әзірге шығындардың көлемі нақтыланып жатыр. Тізімге енген барлық ғимарат бойынша техникалық-сараптамалық тексеру жүргізіледі. Бұл жөнінде арнайы құрылған мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Әкімдіктердің жедел деректері бойынша 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан зардап шеккен. Ал«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының дерегінше, 1 мың 300-ден астам бизнес нысанына залал келген.

Шынар Оразова