Ішкі турзимді дамыту үшін кешбэк енгізу ұсынылып жатыр. Яғни, ел ішінде демалып, кеткен шығынның біразын қайтарып алуға болады. Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, бұл Ресей тәжірибесі негізінде пайда болуы мүмкін.
Онда туристік кешбэк бағдарламасы бар. Яғни, ел аумағында демалған туристердің шығынын мемлекет субсидиялап, 20 пайызын қайтарып береді. Министрдің айтуынша, бұл отандық туризмді дамытып, қызмет көрсету сапасын арттыра түседі. Десе де, бұл әзірге ұсыныс қана.
Шынар Оразова