Мас халде қоғамдық көлік тізгіндеген 3 жүргізуші ұсталды

80

Ағымдағы жылдың 21 ақпаны мен 2 наурыз күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Аталған іс-шараның 3 тәулігінде Түркістан облысының полицейлері, қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1066 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Нақтырақ айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы « Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша 123 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлімі «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» 54 дерек тіркелсе, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша 237 жайт тіркеліп, хаттама толтырылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша 178 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабымен «Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» 51 жайт тіркеліп, хаттама түзілген. Міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 142 жайты, рейс алдындағы ТҚК және медициналық байқаудан өтпеудің 16 жайты анықталды.

Мас халде қоғамдық көлік тізгіндеген 3 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ 52 көлік айыптұраққа қойылды. Жалпы ісшара 2 наурызға дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары қоғамдық көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайын тексереді. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықталған, құрылысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер анықтайды.

Сондай-ақ шетел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын автокөлік иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өз кезегінде Түркістан облысы ПД-нің полицейлері автокөлік иелері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына ЖҚЕ қатаң сақтау және маневр жасау ережелерін бұзбау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар көлік тізгіндеп келе жатып, ұялы телефон пайдаланбауға кеңес береді.