Сегізінші қабаттан құлағаннан кейін әйел аман қалып, өзіне жедел жәрдем шақырған

113

Ресейдің Якутск қаласында 30 жастағы әйел сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қуанышқа орай, әйел аман қалған, тіпті өзіне жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әйел сегізінші қабаттан құлап, тірі қалған. Оның үстіне, ол өзі пәтерге көтеріліп, жедел жәрдем шақырды», – делінген хабарламада. Қазір әйел жамбас сүйектерінің зақымдануымен жансақтау бөлімінде жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланған. Әйел ауада сымдарға ұсталып, аударылып, қар үйіндісіне құлап, металл қақпаға басын ұрып алған.