Жүк тасымалы тарифі төмендеуі мүмкін

108

Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендеуі мүмкін. Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде айтылды.

Бақыт Сұлтанов «Нұр жолы» өткізу бекеті мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» және «Қорғас» халықаралық шекара-маңы ынтымақтастығы орталығына барды. Онда жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды.

Жеке операторларды алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқарту мәселесі де сөз болды.