Алаяқтардан қорғану үшін азаматтарға несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы берілуі мүмкін. Демек, азамат кредит алуға тыйым салса, оның құжаты мен өзге деректерін пайдаланып, ешкім несие рәсімдей алмайды.
Ұсыныс әлі талқыланып жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оның іске асу жолын қарастыруда. Жаңа ережеге қатысты Ұлттық банк пен бірқатар министрлік қолдау білдірген.
Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттар тұрғындардың атынан кредит алатын алаяқтардың жолын кесу үшін қарыз алудан бас тарту туралы жаңа ереже бекітуді ұсынған болатын
Шынар Оразова