Елімізде тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көрсеткіші биыл төмен

70

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.Министрдің мәліметінше, 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Әлібек Қуантыров,  Ұлттық экономика министрі: «Бұл былтырғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,3% төмен. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша оң динамика 13 өңірде байқалды, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тіркелді».

Шынар Оразова