Алдағы үш жылда Қазақстанда 62 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Былтыр 600 мыңнан аса баспананы сатып алу-сату келісімі жасалды. Орташа көрсеткіш одан екі есе аз. Бұған зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жайын жақсартуға бағыттағандардың көбеюі себеп.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биылғы сұраныс ондай болмайтынын болжады. Бірақ баға сұранысқа қарай құбылуы мүмкін.
Қазір құрылыс материалдарының қымбаттап тұрғаны белгілі. Ведомство басшысы тоқсанның аяқталуын күту керек дейді. Өйткені бағаны құрайтын негізгі факторлар нақтыланған жоқ. Жалпы мемлекет алдағы бес жылға әр өңірдегі құрылыс қауқарын белгілеп жатыр.
Шынар Оразова