Негізсіз жекешелендірілген нысандар мемлекет меншігіне қайтарылмақ

104

Президенттің тапсырмасымен Қазақстан үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы жұмысын бастады.

«Комиссияның міндеті – экономиканы монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы аясында телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салаларда негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару  мәселелері қаралады», – деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша премьер-министр Әлихан Смайылов қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, бір апта ішінде үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Шынар Оразова