Өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус анықталды

54
фото regnum.ru

 Өткен тәулікте елімізде 25 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан індет жұқтырғандар анықталмады.

Ел бойынша вирустан жазылып шыққандар саны 280. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді.

28 наурыздағы жағдай бойынша елде 4 157 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 443-і стационарға жатқызылса, 3 714 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 46 адамның жағдайы ауыр, ал 6 пациенттің халі өте ауыр. 9 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 450 763 адамға жетті. 2-ші компонентін 9 148 401 адам салдырды.

Ал Шымкентте 600 665 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 590 052 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 314, II компонентін 1 045 886 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.

Жанерке Хумар