Шымкенттік 600-ге жуық әйел көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақыны проактивті форматта алды.
Өткен жылдың мамыр айынан бастап әйелдерге төртінші немесе одан да кейінгі баланы туған кезде тағайындалатын көпбалалы отбасылар жәрдемақысын алу үшін ХҚО-ға жүгіну міндетті емес, мемлекеттің өзі барлығын қашықтан SMS арқылы ресімдеуді ұсынады.
Бұдан бұрын аталған жәрдемақыны ресімдеу үшін ХҚО-ға барып,өтініш жазып, жеке куәлік, балалардың туу туралы куәліктерімен неке қию куәлігі сияқты құжаттарды ұсыну қажет еді, ал жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалатын.
«Отбасында төртінші немесе одан кейін тағы бала туылған жағдайда, проактивті түрде баланың туу туралы куәлігін, бала туу мен оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды ғана емес, көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақыны ресімдеуді ұсынатын SMS-хабарлама да жіберіледі. Мұнда клиенттің SMS-ке келісімі ғана керек. Қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. ХҚО-ға барудың қажеті жоқ», –дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленеді. Төлемді төрт және одан да көп бала туған әйелдер ала алады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында бұл жәрдемақыны 53 мың шымкенттік отбасы алады. Оның ішінде 10 мыңнан астам әйел «Алтын алқа» және «Күмісалқа» иегерлері.
2022 жылыкөп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақымөлшері:
4 балаға 49 100 теңге;
5 балаға 61 383 теңге;
6 балаға 73 666 теңге;
7 балаға 85 948 теңге;
8 балаға 98230 теңге;
Келесіәр балаға +4 АЕК.
Анықтама:
Қазақстанда 4 жәнеодан да көпкәмелеткетолмағанбалаларынемесе 23 жасқатолғанғадейінкүндізгібөлімдеоқитынбіргетұратынбалалары барлар көпбалалыотбасыболыпсаналады. 6 бала туғанжәнетәрбиелегенкөпбалалыаналарға «Күмісалқа», ал 7 жәнеодан да көп бала туып, тәрбиелегендерге«Алтын алқа» беріледі.
1414 нөміріненқызметтерді проактивті түрде рәсімдеуді ұсынатын sms-хабарламаларды алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Егер әйел қандай да бір себептермен SMS арқылы қызмет ала алмаса, ол бұрынғыдай ХҚО-ға жүгіне алады.
Толық ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.