Түлкібаста 12 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға беру жоспарланып отыр

87

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2022 жылы 12 мың гектар жер көлемін ортақ жайылымға табыстау жоспарланып, 1780 гектар жер берілген.

Бүгінде аудан бойынша жайылымдық жер көлемі 57 948 гектарды құрайды. Биыл меморандум арқылы мал жаюға 23000 гектар аумақты беру жоспарланған. Қазіргі таңда 17 890 га жер телімдерінің иелерімен меморандум түзіліп отыр.

Ал қалған 5238 гектар жайылымдық жер сәуір айының 20-на дейін меморандум арқылы мал жаю үшін халыққа беріледі.

Гүлдана Дәурен