Тұрмыстық заттар қолжетімсіз болып барады

372

Ақпанда инфляция 0,8% болды. Елде инфляциялық өсім жылдамдап барады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда жылдық өсім 8,7 пайызға жетті. Бір ғана ақпанда инфляция  0,8 % болды. Оның ішінде азық-түлік тауарлары бір проценттен астам қымбаттаған.

Әсіресе ұн, картоп, көкөністің бағасы көтерілді. Осылайша азық-түлік тауарының инфляциясы 10 пайыздан асып кетті. Азық-түлік емес тауарларда да қымбатшылық байқалады. Әсіресе, тұрмыстық заттар қолжетімсіз болып барады.

Автомобиль, дәрі-дәрмек құны да көтерілді. Сондай-ақ елде әуе билеттерінің бағасы 7 пайызға  өскен. Статистикалық мәліметке қарағанда тек коммуналдық тарифтер сәл төмендеген.

Шынар Оразова