2024-2025 жылдары баспана тапшылығы болуы мүмкін

169

Елімізде баспана тапшылығы болуы мүмкін.

Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасының айтуынша, бұған құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы түрткі болмақ. Қазір көптеген компаниялар жоспарларын қайта қарап, шығындарын есептеп жатыр екен. Талғат Ерғалиевтің айтуынша материалдардың басым бөлігі әлі де сырттан әкелінеді. Оның үстіне баспана нарығындағы инфляция 14%-ға жетті. Сол үшін баға күзге қарай 10-15 пайызға тағы қымбаттамақ.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы:»Ресейге қарсы салынып жатқан  санкциялардың құрылыс нарығына түсіретін шынайы салмағын біз тамыз-қазан аралығында сезінеміз. Әзірге материал мен тауардың қоры жеткілікті. Бірақ шамамен күзден бастап санкциялардың шынайы әсерін көреміз. Осы кезде құрылыс бағасы қайта қымбаттайды. Сондықтан биыл болмаса да, 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін».

Шынар Оразова