«Ауыл -ел бесігі» жобасы: Елді мекендерге тағы 670 млрд. теңге бөлінеді

137

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елді мекендерде инфрақұрылым мәселесін шешу үшін тағы 670 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Айтуынша, 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7 млн-нан астам адам тұрады. Биыл даму әлеуеті бар 492 ауылда 914 жобаны іске асыруға 100 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 95 жобаны, 313 әлеуметтік инфрақұрылым, оның ішінде 123 білім беру, 51 денсаулық, 62 мәдениет және 77 спорт жобасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 506 көлік инфрақұрылымы жобасы іске асырылады.Сондай-ақ президенттің тапсырмасына сәйкес «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында батыс және оңтүстік облыстардағы ауылдарға 20 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл ақшаға мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары салынады және жөндеуден өтеді.

Шынар Оразова