Азаматтар дәріханадағы дәрілік заттардың шекті бағасын анықтауға мүмкіндік алды

83

Дәрі-дәрмек сатып алғанда, мұқият болыңыз.

дәрі-дәрмек

Енді дәріханада 7 мыңнан астам атауы бойынша дәрілік заттардың шекті бағасы бекітілген. Одан бағаны асырған жағдайда дәріханаға әкімшілік жаза көріледі. Егерде бұл жағдай қайталанса, лицензиясынан айрылады. Осы және өзге де талаптар жайлы БАҚ өкілдеріне медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары Ләззат Қашқымбаева баяндап берді.

Мамандардың мәліметі бойынша  шаһардағы дәріханалардың бәрі  жекенің иелігінде. Оларға мониторинг жүргізіліп отырады. 2021 жылы тұрғындардың 203 шағымы негізінде тексерулер болған. Нәтижесінде 5 жарым млн теңге көлемінде әкімшілік бұзушылық хаттама толтырылған.

Ләззат Қашқымбаева, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары: «Дәріханалар дәріні рецепсіз сатқаны, дәрілерді дұрыс сақтамаған, сертификаттарына сай емес. Және де тиісті  дәр-дәрмекті тегін берілмеген фактілер де анықталған».

2019 жылдан бері дәріханаларда сатылатын 6 жарым мыңнан астам дәрілік заттардың шекті бағасы бекітілген болса, ағымдағы жылы ол тізім бір мыңнан астам дәрі дәрмекке толықты. Биыл 7 мың 256 атау бойынша дәрі дәрмектерге шекті баға бекітілген.

Ләззат Қашқымбаева, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары: «Дәріханаға барғанда сіздер енді сатып алатын дәрілеріңіздің шекті бағасын білесіз. Әрі бірімізде смартфон бар. Қосымшаға кірсеңіз, қандай дәрі- дәрмеке шекті баға барын көресіз».

Сала мамандарының айтуынша, егерде мемлекет және жекеменшіктегі медициналық мекемелерде, емхана, ауруханаларда көрсетілген қызметке көңіліңіз толмаса департмаентке арыздануларыңызға болады.

Шынар Оразова