Биыл колледждерге 125 мың грант бөлінеді

218

Биыл колледжде білім алу үшін грант саны 45 мыңға артып, барлығы 125 мың грант бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Ал халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арнайы гранттар қарастырылған. Ол үшін «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Биылдан бастап көп балалы отбасылардан шыққан балаларға – гранттың 5%-ы, толық емес отбасыдан шыққан балаларға – 1%-ы, физикалық мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыдан шыққандарға – 1% бөлу көзделген.

Айта кетейік, қазіргі таңда әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар өңірлерде сұранысқа ие мамандық тізімін жасап жатыр.
                                                                                          Гүлдана Дәурен