Қаланың құрамына кірген Еңбекшідегі шағынаудандар мен тұрғын алаптарының әкімге айтары бар. Жылдан жылға тұрмысы түзелген халық бұл жолы, ауыз су, табиғи газбен қамтылу мәселесінен бөлек көшелерді жарықтандыр, кәріз жүйесі, қоғамдық көлік төңірегіндегі мәселелерді көбірек айтты. Еститін мемлекет жобасы аясында ұйымдастырылған есепті жиын барысын қалай өтті?
Әкім: «БАҚ өкілдері есепке үнемі мұғалімдер шақырылады дейді Мұғалімдер бар ма?».
Тойханада өткен жиынға 310 мыңнан астам халқы бар Еңбекші ауданының Оңтүстік, Көксай, Қаратөбе, Қарбастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам 1,2 елдімекендерінің тұрғындары қатысты. Аймақ тұрғындары, президенттің тапсырмасына сәйкес, әкімдердің халық алдында есебі енді жылына бір емес әр тоқсанда өтетіні халықтың көкейінде жүрген көптеген проблемалардың шешілуіне септесеріне сенеді. Жиныда, шаһарда атқарылған жұмыстар туралы ақпарға қаныққан тұрғындар, сұрақ жауапқа көшкен бойда әкімге сұрақты қарша боратты.
Нағима Нағашыбекқызы, тұрғын: «Екі ай болды ауламызды сыпыруды қойды. Күл қоқыстан аяғымызды алып жүру қиындады Бұған не дейсіздер?».
«Ия бұл мәселе өзекті. Коммуналдық мәкемелер өзара соттасуда. Осы аптаның соңына дейін соттың шешімі шығып мәселе шешіледі», деп тынышталдырды тұрғындарды қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Ауыз су, табиғи газ, электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар аудан тұрғандары көшелерінің қашан жарықтандырылатынын, қашан асфальт төселенетініне дейін осы есепті жиында білді. Мысалы, қаладағы Клара Цеткин көшесінің тұрғындары кәріз жүйесін пайдалануға қатысты жанайқайын әкімге жеткізуге мүмкіндік алды.
Күлипа Асылбекова, тұрғын: «Қашан кәріз жүйесіндегі жағымсыз иісті шешесіңдер екі жыл болды ғой айтқанымызға. Жедел жәрдем шақырып жатқан жайымыз бар. Кәріз жүйесіндегі иістен уланып жатырмыз».
Александр Малахов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Бейсенбі күні экология министрлігі және санитарлық эпидемиологиялық стансасымен тиісті шаралар қабылданды. Нақты мекенжейлар көрсету қажет еді. «Таупродукт», Қаратау бойынша «Спецзавод» тексеріледі. «Су арнасы маркетинг» серіктесігі шайынды суларды ағызу бойынша шешім қабылдайды. СЭС өз тарапынан тескреуді бастайды. Шара көріледі».
Жиында белсенділік танытып, аймақтағы қордаланған мәселелер туралы әкімге ашық айтып, нақты жеткізге жастардың белсенділігіне аға буын оң бағасын берді. Есепті жиынның соңында елді сабырға шақырған ақсақалдар, әкімге айтарын бата арқылы жеткізді.
«Әкім болу оңай емес, жауапкершілігі үлкен. Халқыңа адал қызмет ет. Халқыңа пана бол».
Ал 35 елдімекен орналасқан Еңбекші ауданында шаһар басшысының 3-ші кездесуі үшінші секторда орналасқан тұрғындармен өтеді.
Шынар Оразова