Лицензиясынан айрылған 8 банкте 2 млрд. 300 млн. теңге қаражат жатыр

79

Зейнетақы қорынан ақша алғанымен, тұрғындар жабылып қалған банктерде жатқан қаржысын алуға асықпайтын секілді. Лизенциясынан айырылған 8 банкте қазір 2 млрд. 300 млн. теңге жатыр.

Егер азаматтар 31 мамырға дейін қаржысын алмаса, ол зейнетақы қорындағы есепшотына аударылады. Депозиттерге кепілдік беру қоры банктегі ақшаны онлайн да алуға болатынын ескертеді. Тек төлемдердің электрондық порталы арқылы өтініш жазу керек. Азаматтар жабылған банктердегі қаржы мөлшерін 1460 байланыс нөмірі арқылы анықтай алады. Бүгінге дейін тұрғындарға 113 млрд теңге қайтарылған.

Шынар Оразова