Лицензиясынан айырылған банкте жатқан ақшаны 1 мамырдан кешіктірмей алу керек. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 8 банкке қатысты тұрғындарға ескерту жасады.
Бұл бұған дейін жабылып қалған Tengri Bank, Астана, Эксимбанк, AsiaCredit секілді банктердің салымшыларына қатысты. Бүгінге дейін оларға 113 млрд. теңге қайтарылған. Алайда, есеп-шоттағы ақшасын әлі алмағандар да жетерлік.
Олар мамырға дейін қаржысын алмаса, ол зейнетақы қорына аударылады. Егер қорда шоты болмаса, автоматты түрде ашылады,- дейді мамандар.
Шынар Оразова