Қаржылық мониторинг агенттігі биылғы бірінші тоқсанда 552 қылмыстық іс қозғады. Оның жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 млрд. теңге көлемінде шығын келтірілген.
Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 млрд. теңгеден асады. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 млрд. теңгені жымқыруға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Ал, Маңғыстау облысында сұйытылған газды сату кезіндегі алып-сату бойынша Энергетика министрлігінің, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және электронды сауда алаңдарына қатысты іс тергеп-тексерілуде.
Президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 млн. АҚШ доллары бұғатталған.