Úı ANONS Сұйытылған газ неге тапшы?

Сұйытылған газ неге тапшы?

фото vrciro.org.ua
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газын өткізу бойынша 44 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Қала аумағында 4 газ толтыру станциясы және 203 автомобильге газ құю станциясы жұмыс істейді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми деректеріне сәйкес, қазіргі таңда қалада 66 381 автокөлік сұйытылған газбен жүруге бейімделген.
Соңғы уақытта автокөліктер санының артуы, сонымен қатар транзиттік және басқа өңірлерден келетін автокөліктердің де газ жүйесін пайдалануы салдарынан уақытша тапшылық байқалып отыр. Айта кету қажет, мұндай жағдайлар тек Шымкент қаласында емес, көршілес өңірлерде де уақытша сипатта туындап отыр.
Қазіргі таңда Энергетика министрлігі тарапынан қажетті көлем қарастырылып, қараша айына арналған сұйытылған мұнай газын жеткізу кестесі бекітілді. Тиісті көлемдер бөлініп, мәселені кезең-кезеңімен шешу шаралары қабылдануда.