Қазақстанның сыртқы қарызы үш жылда 6 млрд. долларға өскен. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, елдің өзге мемлекеттерге берешегі 165 млрд. долларға жеткен.
Әсіресе, Қазақстанның Нидерландыға қарызы көп – 42,7 млрд доллар. Алайда үш жыл ішінде бұл 12%-ке азайған. Ұлыбританиядан алған берешек 22 млрд долларға жуық, АҚШ-қа шамамен 13 млрд доллар қарыз.
Еліміздің халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемесі 12 млрд доллардан асады. Бұған дейін депутаттар сыртқы қарыз бес жылда екі есе өсуі мүмкін деп болжам жасаған. Сондықтан, оны азайтуға күш салуды ұсынған еді.
Шынар Оразова