Қазақстанның ұн экспорты азайды

101

Қазақстанның ұн экспорты азайған.

Көрші елдер Қазақстанның бидайын сатып алып, астық өңдеуді дамыта бастады. Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан ұн жеткізуге кедергі келтіріп отыр. Өткен 8 жылда Өзбекстанға бидай экспорты 658 мың тоннадан 3 млн-ға дейін өскен. Ал,Тәжікстанға 218 мыңнан бастап, ақыры 1 млн тоннадан асқан. Салдарынан ұн өткізу көлемі кеміді. Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдаған мәжілісмен Аманғали Бердалин тарифке қатысты мәселелерді пысықтау қажеттігін айтты. Сондай-ақ ішкі нарықта астық сатуды ынталандыру керектігін де алға тартып отыр.