Қала әкімінің кезекті есебі Әл-Фараби ауданының тұрғындары алдында өтті. Кездесуде аудан халқын мазалаған бірқатар маңызды сауалдар көтерілді. Тұрғындар өз кезегінде, шаһар басшысына өздерін мазалаған түйткілді сауалдарын жолдады.
Қала әкімі тұрғындар алдында есеп беруі жалғастыруда. Жоспар бойынша мұндай кездесулер енді тұрақты түрде өтеді. Дегенмен тұрғындарды жиынның неліктен тойханаларда өтіп жатқаны қатты қызықтырған сыңайлы. Әкімдіктегілер бұл сауалға, «халық көбірек жиналып, қала басшысына көкейдегі сауалын жолдай алауы үшін, сиымдылығы үлкен тойхананы таңдадық» деп жауап берді.
Мұрат Әйтенов алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
«Қаламыздың жалпы әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері — 2021 жылы біз оң бағамен шықтық барлық көрсеткіште. 4:35-58 Жалпы нәтижесінде жалпы өңірлік өнім — 2020 жылы 2,4 трлн теңге болды. 2021 жылы -2,7 трлн теңгеге жетті. Биыл 3 трлн-нан асамыз».
81 елдімекеннің 78-і ауыз сумен, 73-і сапалы электрмен және 42-сі табиғи газбен толық қамтылып отыр. Ал кәріз жүйесі тек 19 елдімекенге толық жүргізілген көрінеді. Сонымен қатар, Шымкентте 747 әлеуметтік маңызы бар көшенің 324-і ғана жарықтандырылған. Дегенмен, Мұрат Дүйсенбекұлы биыл тағы 102 көшеге электр жарығы жүргізілетінін айтты.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
«Біз 2025 жылға дейін жоспар жасадық. қала көшелерін жарықтаныруға 2025 жылға 75 пайызға жететін боламыз. Оптикалық интернетке келетін болсақ, ол нарықта бар. Сол себепті қазір ү.лкен 4 компаниямен келістік. 2025 жылға дейін жалпы сапалыоптикалық-замануи интернетпен, дұрыс қамтамасыз етуге келісіп қойдық».
Әл-Фараби ауданы — Шымкент қаласының орталығы. Мұнда — мәдени нысандар, жоғарғы оқу орындары мен саябақтардың негізгі бөлігі орналасқан. Ал ауданда 207мыңнан астам тұрғын бар. Сәйкесінше тұрғындарды мазалаған мәселе де жетерлік. Күн тәртібіндегі негізгі проблемалардың бірі — жарық, жол, қоғамдық көлік және емхана мәселесі екен.
«Төменгі отырарға автобус кірмейді. Жолаяқ жоқ бізде.Жол бекітілгелі тіптен қиын болды. Гиперхаустың остановкасына дейін әсіресе балалар жүруден қалды. Азанғы-кешкі уақытта кептеліс,өзі тар жол, жолаяқ жоқ»
«Біз сияқты инвалидтер көп мына БАМ-да, 21 автобусты 3 поликилинкаға кіргізіп берсе. Мусорды алмайды сосын, осы мәселені шешіп беруін сұраймын»,-дейді тұрғын.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары ыстық су, көшені жарықтандыру, азық-түлік бағасының қымбаттауы сынды мәселелерді көтерді.
Қала әкімі тұрғындарды мазалаған мәселелер міндетті түрде шешімін табатынын айтып, жауаптыларға тиісті тапсырма берді. Бұл жиында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев та баяндама жасады.
Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі:
«142 көше бар, оның 128-іне асфальт төселген.16 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Қамту пайызы 90 пайыз. Сонымен қатар, жарықтандыру — ауданда 32 көше жарықтандырылған .Алдағы 3 жылда 31 көшеге жарық жүргізу жоспарлануда.»
Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 374 мәселе көтеріліп, оның 78-і шешімін тапқан. Шаһар басшысы проблемалар кезең-кезеңімен шешілетінін айтады.Естеріңізге сала кетейік, енді Мұрат Әйтенов әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесу өткізіп тұрады. Ол 7 сәуір күні Еңбекші ауданындағы жұртышылықпен жүздесетін болады.
Гүлдана Дәурен