Шымкент жолдары қайта қалыпқа келтірілуде

66

Шымкентте күн жылынып, көшелерді қайта қалыпқа келтіру жұмысы басталды. Қазір мегаполис жолдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, шұрық-тесіктер жамалып, көшелер тегістеліп жатыр. Бұл көлік қозғалысына кедергі келтірмей ме? Жалпы, құрылыс қашан аяқталады?

Бүгін Гагарин атындағы көше ағымдағы жөндеуден өтуде. Ауа райының қолайлылығын пайдалаған мамандар жолдың ойық-шұңғырларын жамап, қайта қалыпқа келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Құрылыс жұмыстарына мердігер мекеменің 17-і қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылған. Жалпы,»Ақсемсер Строй сервис» ЖШС 22 сәуірге дейін Абай ауданынан қарасты 37 магистралды көшенің жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек. Сондықтан, қазір барынша қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Берік Тасаев, прораб:
«Компанияда 3 бригада жұмыс істеп жатыр. Біреуі қазу жұмыстарын жүргізеді. Екіншісі асфаль салу жұмысымен, үшіншісі калодест көтеру, остоновкілерді қисайып қалғанын орнына келтіру жұмыстарымен айналысады. Қиындық туындайды енді, қазір көлік кептелісі көп. Сол жағынан қиындықтар бар. Бірақ енді патрульдік полиция қызметкерлері бар, солардан көмек сұрап, жүгінеміз».

Сала жауаптыларының айтуынша, ағымдағы құрылыс жұмыстары көлік қозғалысына аса қиындық тудыра қоймайды. Тіпті қазір ретке келтірген жолдан өтсе де, автомобильге ешқандай зиян келмейді.

Негізгі талап бойынша жолды әр бес жыл сайын жөндеуден өткізіп отыру қажет. Алайда қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, оған біздің бюджет жетпейтін көрінеді.

Сондықтан, қала көшелері тек ағымдағы жөндеуден өтеді, ал асфальт төсеу сияқты күрделі жөндеу елдімекендерде жүргізіледі. Өйткені, биыл шалғай аудан жолдарына баса назар аударылуда.