Түркістан: Үй құжатын заңдастыруға уәде беріп, 1,5 млн. жымқырған

147

Түркістан облысының полицейлері үй құжатын заңдастырып беремін деп алаяқтық жасаған ер азаматты ұстады. Сайрам аудандық полиция басқармасына арызданған жәбірленушінің сөзінше, танысы 2021 жылы «Үй құжатын тез арада заңдастырып беремін» деп уәде беріп, алаяқтық жолмен 1 500 000 теңгесін алған.

1 жылдан астам уақыт өткенімен не құжат жоқ, не ақша қайтарылмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады.

Ұсталған ер адам жергілікті тұрғын болып шықты. Ол алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Гүлдана Дәурен