Зейнетақы қорынан алатын қаржының жеткілікті шегі өсті

70

Бүгіннен бастап зейнетақы қорынан алатын қаржының жеткілікті шегі өсті.

 

Енді салымшылар тұрғын үй алу немесе емделуге арналған жинақтарын өзгерген көрсеткіштер бойынша ала алады. Мәселен, 20 жастағы азаматтар үшін жеткілікті шек мөлшері 3 миллион теңге болмақ. Осыған дейін бұл санаттағы салымшыларға шектеу 1 миллион 700 теңге болатын. 40 жастағыларға ең төменгі шек мөлшері 5 миллион 700 мың теңгеге дейін көтерілген. Наурыздың соңғы күндері «Отбасы банкінен» жинақ ақшасын алушылардан сұраныс та көбейген.